Иммануил Кант философиясы презентация




Слайды и текст этой презентации
Слайд 1
Описание слайда:
Иммануил Кант философиясы


Слайд 2
Описание слайда:
КІРІСПЕ

Слайд 3
Описание слайда:

Слайд 4
Описание слайда:
Қысқаша Иммануил Кант өміріне шолу Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды. Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды. (Қара: Уайтхед А. Избранные работы по философии. М.:Прогресс, 1990, с. 199) Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң» (Кант И. Соч. в 6-т. М., «Мысль» 1965 ч. 1. с.499) 1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790). Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс» жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық құқы болды.

Слайд 5
Описание слайда:

Слайд 6
Описание слайда:
Канттың философиядағы таным мәселесі Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.

Слайд 7
Описание слайда:

Слайд 8
Описание слайда:
Сонымен бірге Канттың ойында да терең мағына жатыр: танымның өзіндік ерекшеліктері бар, таным жайын объект арқылы да, субъект арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес. Адамға салсаң, ол бәрін де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Кантқа дейінгі материалистер танымды сыртқы дүниедегі заттардың айнадағыдай бейнесі деп танып, таным жайын сыртқы дүние арқылы түсіндірмек болды. Мұндай әрекеттен бірақ ештеңе шықпады. Субъективтік идеалистер, керісінше, таным процесін субъектің іс-әрекеті деп, ал субъекті «Менге», ойлауға, санаға теңеп, таным мәнін субъект арқылы түсіндіруге тырысты. Бұдан да нәтиже шықпады. Таным күрделі кұбылыс болып шықты. Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да, қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек (Қара: Кант И. Соч. в 6 т. Т.4,4.1, с. 209-270) Нағыз гуманистік, адами идея!

Слайд 9
Описание слайда:

Слайд 10
Описание слайда:
Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді. Бұрынғы кеңес кеністігінде соңғы кезге дейін Кантты дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған жоқ. Кеңес философтары, маркстік-лениндік философияның өкілдері Канттың алдында үлкен қарыздар. Ол жөнінде сөз бола қалса, еститініміз бір сарын еді: Кант - агностик, Кант - субъективтік идеалист, Кант - дуалист т.т.; Кант танымның өрісін тарылтып жіберді; тұтас дүниені танылатын затқа және танылмайтын затқа бөліп тастады; мән мен құбылыстың арасына өтпестей шек қойды; Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл сұраққа бір мағынада - шекті не шексіз деп - жауап бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап беруге тура келеді. Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүние шегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін бірі керек етіп тұрады. Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді. Бұрынғы кеңес кеністігінде соңғы кезге дейін Кантты дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған жоқ. Кеңес философтары, маркстік-лениндік философияның өкілдері Канттың алдында үлкен қарыздар. Ол жөнінде сөз бола қалса, еститініміз бір сарын еді: Кант - агностик, Кант - субъективтік идеалист, Кант - дуалист т.т.; Кант танымның өрісін тарылтып жіберді; тұтас дүниені танылатын затқа және танылмайтын затқа бөліп тастады; мән мен құбылыстың арасына өтпестей шек қойды; Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл сұраққа бір мағынада - шекті не шексіз деп - жауап бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап беруге тура келеді. Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүние шегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін бірі керек етіп тұрады.

Слайд 11
Описание слайда:
Назарларыңызға рахмет !!!


Скачать презентацию на тему Иммануил Кант философиясы можно ниже:

Похожие презентации