Описание слайда:
Әлеуметтік психология пәні, құрылымы және әдістері
Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарының қосылуынан туындаған мінез-құлық және қарекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология ғылымының саласы. °уелде әлеуметтік психологиялық көзқарастар әр түрлі философиялық тұжырымдамалар ауқымында, сондай-ақ нақты ғылымдардың, ең алдымен, психология мен әлеуметтанудың, антропологияның, тіл білімінің, этнографияның, криминологияның, педагогиканың ішінде белгіленді.
Адамның барлық психикалық көріністері адамзат қоғамында қалыптасып, негізделеді.
қазіргі уақыттағы психологиялық ғылымдардың жалпы психология және әлеуметтік психология деп бөлінуі шартты болып келеді. Дегенмен де, әлеуметтік психологияның өзінің зерттеу объектісі бар.
Нақты әлеуметтік жағдайларда адамдарда мінез-құлықтың нақты нормалары мен тәсілдері пайда болады, сезім, көңіл-күй, әдет, дәстүрлер жиынтығы құрылады, қоғамдық және топтық түсінік пайда болады. °леуметтік немесе қоғамдық психология адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінде пайда болған психикалық құбылыстардың заңдылықтарын зерттейді.
Басқа адамдардың қатысуы адамның мінез-құлқына, оның психикасына әсер етеді, оның ойлануға деген қабілеті, зейіні, ес нәтижелілігі жоғарылайды. Бірақ бұл адамдардың күрделі ойлау іс-әрекеттерінің және кейбір басқа да көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Бұл әсер ету топтық өзара тәуелділік жағдайында ерекше көрінеді. Сонымен, топта адамның ассоциативті процестерінің бір түрі – әлеуметтің нормалы қызметі қалыптасады, оның тенденциясы бір түрде болады.
Әлеуметтік-психологиялық факторлар индивидтің барлық психикалық көріністеріне – оның қабылдауы мен ойлауына, есі мен қиялына, эмоциясы мен еркіне әсер етеді. Адамдардың барлық психикалық процестері нақты әлеуметтік-психологиялық стереотипизацияға негізделген. Адамдар дүниені әлеуметтік қалыптасқан көзқарастық қатынастар әсерімен бейнелейді және өз мінез-құлқын нақты бір әлеуметтік нормаларға бағындырады.
°леуметтік психология біріккен іс-әрекет жағдайындағы адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттейді.
°леуметтік психология “тұлға” түсінігінен абстракцияланбайды, ол тұлға қасиеттерінің әлеуметтік шартталуын зерттейді. Бірақ та әлеуметтік психологияның негізгі түсінігі “әлеуметтік топ” болып табылады.
°леуметтік психология мынадай қолданбалы салаларды өзіне біріктіреді:
нақты әлеуметтік қауымдастықтардың әлеуметтік психологиясы (ұлт, халық, партия, отбасы, оқушы жастар және т.б.);
өнер, құқық, дін және қоғамдық түсініктердің басқа да формаларының психологиясы;
басқару, бұқаралық коммуникация құралының психологиясы және т.б.
°леуметтік психологияның құрылымы, яғни оның категориялы жүйесі әлі күнге дейін белгілі емес. Дегенмен,