Римдегі отбасы құқығы презентация

Содержание


Презентации» Разное» Римдегі отбасы құқығы
Римдегі отбасы құқығы.  1. Отбасы құқығы туралы жалпы ережелер. 2.Римдегі отбасын Ульпиан, табиғи немесе заңи себептерге орай біртұтас үй иесініңГайдың айтуынша, әкелік билік тек, рим азаматтарына ғана тән болып келеді- жаңадан дүниеге келген сәбиден бас тарту не оны тастау құқығы:Әкелік билікті алудың әралуан жолдары болды: - заңи некеде дүниеге келу;Егер, бала үйлену тойы өткеннен соң 6 ай немесе 182 күнненНекеге тұру үшін белгілі-бір талаптар сақталуы тиіс болды. Мұны Ульпиан келесідейДемек, некеге тұру үшін келесідей талаптар сақталуы қажет болды: - тараптарА.В. Орлянскаяның еңбектерінде заңи некені жасаудың бірнеше әдістерінің болғандығы айтылады: Римдегі некенің екі түрі болғаны белгілі: Cum manu және Sine manu.Неке келесідей негіздер болған ретте тоқтатылатын: 
 	- ерлі-зайыптылардың бірінің қайтысО.С. Иоффенің пайымдауынша, ажырасудың мүмкіндігінше оңайлатылуы ер мен әйелдің өмірлік одағыКейіннен, аталған ережелер тым қатал деп танылып, бірқатар өзгерістерге ұшырады. Юстинианның



Слайды и текст этой презентации
Слайд 1
Описание слайда:
Римдегі отбасы құқығы. 1. Отбасы құқығы туралы жалпы ережелер. 2. Римдегі неке ұғымы, құқықтық сипаттамасы.


Слайд 2
Описание слайда:
Римдегі отбасын Ульпиан, табиғи немесе заңи себептерге орай біртұтас үй иесінің билігіне тәуелді аса үлкен емес топ немесе тұлғалар жиынтығы ретінде айқындайды. Ал, Цицеронның еңбектерінде отбасы «қаланың негізі және мемлекеттің бейне бір қайнар көзі ретінде» сипатталады. Үй иесі (paterfamilias) отбасы мүшелерінің барлығына қатысты толықтай және шектеусіз билікті иеленеді. Үй иесінің билігі келесідей нысандарда болады: 1) әкелік билік яғни, әкесінің балаларына қатысты билігі; 2) отбасының мүшесі болып табылатын әйеліне қатысты билік; 3) қожайынының билігі яғни, құлдарға қатысты билік.

Слайд 3
Описание слайда:
Гайдың айтуынша, әкелік билік тек, рим азаматтарына ғана тән болып келеді және осы тұрғысында ол былай дейді: «өздерінің балаларына қатысты біз сияқты билікті иеленетін ешбір халық жоқ сияқты». Әкенің абсолютті және толықтай билігі келесідей құқықтарды қамтыды: - құлдыққа сату құқығы: бұл құқыққа әкесінің өзінің ұлын рим жерінде құлдыққа сата алмауы сияқты бірқатар шектеулер де қойылды. 12 кесте заңы бойынша әкесі өзінің ұлын үш рет сатқаннан кейін оған қатысты билігін жоғалтатын болды. ІІІ ғ. орын алған экономикалық дағдарысқа орай балаларды құлдыққа сату құқығы қайта жанданды; - залалдың орнын толтыру үшін ұсыну құқығы яғни, ұлының заңға қайшы әрекетінен келген залалға қатысты жауаптылықтан босау мақсатында әкесінің ұлын жәбірленушіге ұсынуы. Кейіннен, бұл Юстиниан тұсында жойылды;

Слайд 4
Описание слайда:
- жаңадан дүниеге келген сәбиден бас тарту не оны тастау құқығы: кейіннен, аталған құқықтың қоғамдық сынға ұшырауына орай келесідей мазмұнға ие заң қабылданды «жақын маңдағы бес көршісіне көрсетіп, олардың келісімін алмайынша балаларды тастауға болмайды»; - үй иесіне тәуелді тұлғалардың барлық тапқандары әкесінің мүлкіне айналатын болды. Бұл ережеден басқалай болатын жағдай ретінде әскери пекулийді атауға болады. Әскери пекулий император Августтың тұсында пайда болды және ол бойынша ұлының әскери қызметте алғаны оның жеке меншігіне өтетіндігі бекітілді.

Слайд 5
Описание слайда:
Әкелік билікті алудың әралуан жолдары болды: - заңи некеде дүниеге келу; - асырап алу арқылы. Бас бостандығы бар рим азаматшасымен құрылған заңи некеде дүниеге келген балалар бірден, әкелік биліктің аясына түсетін. Заңи некеде дүниеге келген балалар әкесінің құқықтық мәртебесін иеленетін. Ал, некесіз дүниеге келген балалар анасының мәртебесін иеленетін болды.

Слайд 6
Описание слайда:
Егер, бала үйлену тойы өткеннен соң 6 ай немесе 182 күннен кейін дүниеге келсе немесе ажырасқаннан соң не күйеуі қайтыс болғаннан кейін 10 айдың ішінде дүиеге келсе, заңи некеде дүниеге келді деп саналды. Дигестыда Ульпианның мынадай бір сөздері кездеседі: «Мұра қалдырушы әкесі қайтыс болғаннан соң 10 айдан кейін дүниеге келген балалар заңи мұрагерлікке енбейді» (D.38.16.3.11). Бала анасының бойына анасы күң кезінде бітіп, бірақ бостандық алғаннан кейін дүниеге келсе, онда анасының мәртебесін иеленеді. Әкелік билік үй иесінің қайтыс болуымен тоқтатылды. Әкесінің қайтыс болуына орай, оның отбасының жекелеген мүшелері енді, өз отбасыларының иесіне айналатын еді.

Слайд 7
Описание слайда:

Слайд 8
Описание слайда:

Слайд 9
Описание слайда:

Слайд 10
Описание слайда:
Некеге тұру үшін белгілі-бір талаптар сақталуы тиіс болды. Мұны Ульпиан келесідей мазмұнда сипаттайды: «Егер, некеге тұрушылар арасында заңи некеге тұру құқығы болатын болса және егер, ер мен әйел неке жасына жеткен болса және олардың немесе егер, олар тәуелді тұлғалар болатын болса онда ата-аналарының келісімдері алынған ретте неке заңи неке болып табылады».

Слайд 11
Описание слайда:
Демек, некеге тұру үшін келесідей талаптар сақталуы қажет болды: - тараптар неке жасына жетуі тиіс; - заңи некені жасасуға құқықты иеленетін тұлғалар болуы тиіс; - некеге тұрушылардың арасында некеге тұруға ортақ келісімі болуы тиіс. Сондай-ақ, некеге тұруға қойылған бірқатар шектеулер де болды: - туыстық жағынан қойылатын шектеулер; - басқа некеде тұрмауы.

Слайд 12
Описание слайда:
А.В. Орлянскаяның еңбектерінде заңи некені жасаудың бірнеше әдістерінің болғандығы айтылады: - белгілі-бір нысанда әйелді сатып алу: тараптардың келісімі арқылы жасалынатын некенің көне әдісі болып табылады. Pater familias бес куәнің қатысуымен салтанатты түрде қалыңдықты оның болашақ еріне немесе оның Pater familias беретін. Ал, өз кезегінде ол бекітілген ресми бір сөйлемдерді айтып, төлемді төлеуі тиіс болды; - конферрация: некені жасасудың діни нысаны болып табылды; - usus: некені жасасудың қарапайым түрі болып табылды. Некенің бұл нысанына сәйкес күйеуінің үйінде бірге тұратын ер мен әйел үйленген деп танылды. Тараптардың әлеуметтік жағдайының біркелкі болуы бұл некенің азаматтық некеден басты айырмашылығы болып табылды.

Слайд 13
Описание слайда:
Римдегі некенің екі түрі болғаны белгілі: Cum manu және Sine manu. Cum manu некесі негізінен ер адамның билігіне негізделді. Некенің бұл түрінде әйелінің өміріне ері билік ететін. Егер, әйелі рұқсатсыз үйін тастап кететін болса, оны кез-келген адамнан тіпті, әйелдің ата-анасынан да талап ете алатын. Ал, Sine manu некесінде жағдай мүлдем басқалай болды.

Слайд 14
Описание слайда:

Слайд 15
Описание слайда:
Неке келесідей негіздер болған ретте тоқтатылатын: - ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуы; - құқыққабілеттілігін жоғалтуы: мысалы, азаматтығын жоғалтуы себепті заңи некеге тұру құқығынан айрылуы немесе еркіндікке жіберілген күңнің күйеуінің сенаторға айналуы; - Ажырасу.

Слайд 16
Описание слайда:
О.С. Иоффенің пайымдауынша, ажырасудың мүмкіндігінше оңайлатылуы ер мен әйелдің өмірлік одағы ретінде танылған неке институтына едәуір соққы болды. Некенің бұзылуының күрт өсуі себепті, бала туылуы азайды. Тиісінше, бұл әскер санының азаюына, оның соғыс қабілеттілігіне кері ықпал етті. Осыған байланысты мемлекет бірқатар шараларды қабылдауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, б.з.д. 18 ғ. император Августтың тұсында қабылданған зинақорлық туралы Юлия заңы зина жасаған адамдарға жазаны бекітті.

Слайд 17
Описание слайда:

Слайд 18
Описание слайда:

Слайд 19
Описание слайда:

Слайд 20
Описание слайда:
Кейіннен, аталған ережелер тым қатал деп танылып, бірқатар өзгерістерге ұшырады. Юстинианның тұсында ажырасуға қарсы бағытталған жаңа жарлықтар қабылданып, келесідей ережелер бекітілді: 1) Заңи негіздер бойынша ажырасу: опасыздық немесе әйелінің лайықсыз іс-қимылы, күйеуінің үйінен кетуі, опасыздық жөніндегі күйеуінің жалған айыбы; 2) Себебі жоқ ажырасу: заңи себептерсіз орын алатын ажырасу; 3) ортақ келісім негізінде ажырасу; 4) ерлі-зайыптылардың еркіне немесе кінәсіне байланысты емес себептер бойынша: соғыс кезінде тұтқынға түсуі, құлға айналуы, ақыл-есінен айрылуы, балалы болу қабілетінің болмауы. Заңи себептерсіз ажырасқан ретте жасауынан немесе сыйға тартқан заттарынан айрылатын. Ал, егер, ондай заттар болмаған ретте өзінің мүлкінің 4/1 бөлігінен айрылатын болды.


Скачать презентацию на тему Римдегі отбасы құқығы можно ниже:

Похожие презентации