Тақырыбы: Биогеография пәні. Ғылым тарихы презентация

Содержание


Презентации» Алгебра» Тақырыбы: Биогеография пәні. Ғылым тарихы
Дәріс №1 
 Тақырыбы: Биогеография пәні. Ғылым тарихы
 Жоспар 
 Биогеография-
 Жер бетінде тірі ағзалардың географиялық таралуы және өзгеру себептері туралыБиогеография: «гео» және «био» керегінше қосып алу  (Фридрих Ратцель, 1988ж)Биогеографияның зерттеу пәні«Сүт қоректілер Оңтүстік Америкада да, Оңтүстік Африка мен Австарлияда да бұтаБиогеографияның зерттеу нысандары
 Ареал
 Биота (флора және фауна)
 БиомдарБиогеографияның методологиялық негіздері
 Жүйелер теориясы. Жүйе –өзара байланысты бөліктердің бірлестігі. ЖүйгеБиогеографияның әдістері
 Далалық зерттеулер (маршруттық және стационарлық)
 -Мәліметтерді математикалық және статистикалықПәні
 микроағзалардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың географиялық таралу себептері, механизмдері жәнеБиогеографияның басты ұғымдары 
 Флора-(латынша flora —Риммифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіsБиогеографияның басты ұғымдары
 Өсімдіктер -Жердің немесе белгілі бір аймақтың өсімдіктер бірлестігініңБиогеографияның басты ұғымдары
 Фауна(лат.Fauna– Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістікБиогеографияның басты ұғымдары
 Жануарлар бірлестігі-белгілі бір аймақ немесе акватория шегіндегі бірБиогеографияның басты ұғымдары
 Биота-флора мен фаунаның бірлестігі, таралу аймағы ортақ өсімдіктерБиогеографияның басты ұғымдары
 Биом-ағзалардың түрлі топтары мен олардың белгілі бір ландшафтылық-географиялықБиогеография тарихы 
 Биогеографияның даму этаптары
 16ғ дейін-ботаника мен зоология ғылымдарыЕжелгі Грекиядағы ғылымның дамуы Аристотель (б.э.д.384-322жж) 
 іргелі биологиялық шығармалары: «ЖануарларЕжелгі Грекиядағы ғылымның дамуы Теофраст (б.э.д.372-287жж) 
 -9 томдық «Өсімдіктер туралыЕжелгі Римдегі ғылымның дамуы Гай Плиний (б.э.24-79 жж) 
 37 томдық16 ғасыр-18 ғасырдың алғашқы жартысы
 Леонардо да Винчи (1452-1511)
 -көптеген өсімдіктерді16 ғасыр-18 ғасырдың алғашқы жартысы
 Конрад Гесснер (1516-1565) Швейцария
 -«Жануарлар тарихы»
16 ғасыр-18 ғасырдың алғашқы жартысы
 Джон Рей (1628-1705) Англия «Өсімдіктер тарихы»
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы 
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғасырда Зоогеографияның дамуы. 
 Филипп18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғасырда Зоогеографияның дамуы. 
 Николай18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғ.өсімдіктер географиясының дамуы
 Август-Генрих Гризебах18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғ.өсімдіктер географиясының дамуы
 Андрей Николаевич20 ғ. Биогеографияның даму бағыттары
 Экологиялық және тарихи ботаникалық географияның, зоогеографияның20 ғ. Биогеографияның даму бағыттары
 Борис Карлович Штегман (1893-1975) «Палеарктикалық областың20 ғ. Биогеографияның даму бағыттары
 Владимир Георгиевич Гептнер (1901-1975). «Жалпы зоогеография»Сызбалар, есептер, ситуациялар
 Биосфераның иерархиялық құрылымы (Т.Т. Форман бойынша) суретке сипаттамаБиогеоценоз құрылысы (Пономорева, 1978 ж. ) суретін талдаңыздарБиогеоценоз (экожҥйе) суретін сипаттаңыздар. Биотоп пен  биоценоз байланысын анықтаңыздарЖер беті биоценоздарының қоректену тізбегін сипаттаңыздар



Слайды и текст этой презентации
Слайд 1
Описание слайда:
Дәріс №1 Тақырыбы: Биогеография пәні. Ғылым тарихы Жоспар Биогеография пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы. Негізгі ұғымдар мен терминдер. Биогеография тарихына қысқаша шолу. Міндеттері және практикалық маңызы


Слайд 2
Описание слайда:
Биогеография- Жер бетінде тірі ағзалардың географиялық таралуы және өзгеру себептері туралы ғылым (Ж.Лемье, 1976) Жер бетінде тірі ағзалар мен олардың қауымдастығының географиялық таралуы, Жердегі тіршілік туралы ғылым (В.Н.Киселев,1995) Жер бетінде өсімдіктердің, жануарлардың және олардан құрылған қауымдастықтардың табиғи –тарихи, географиялық, экологиялық және антропогендік факторлар әсерінен таралу заңдылықтары туралы ғылым (К.М.Петров,2006)

Слайд 3
Описание слайда:
Биогеография: «гео» және «био» керегінше қосып алу (Фридрих Ратцель, 1988ж) .

Слайд 4
Описание слайда:
Биогеографияның зерттеу пәні

Слайд 5
Описание слайда:
«Сүт қоректілер Оңтүстік Америкада да, Оңтүстік Африка мен Австарлияда да бұта тектес өсімдіктерді қорек етеді, бірақ бұл аймақтардың әрқайсысында сүтқоректілер де, бұтасын өсімдіктер де әртүрлі. Ал экология болса бұл айырмашылықтардың себебін түсіндіріп бере алмайды» Ф.Дарлингтон,1966

Слайд 6
Описание слайда:
Биогеографияның зерттеу нысандары Ареал Биота (флора және фауна) Биомдар

Слайд 7
Описание слайда:
Биогеографияның методологиялық негіздері Жүйелер теориясы. Жүйе –өзара байланысты бөліктердің бірлестігі. Жүйге тән қасиет: эмердженттік және гомеостаз. Эволюционизм Биологиялық негіз Географиялық негіз

Слайд 8
Описание слайда:
Биогеографияның әдістері Далалық зерттеулер (маршруттық және стационарлық) -Мәліметтерді математикалық және статистикалық өңдеу -Жүйелік талдау -Картографиялық -Полинологиялық (тұрып қалған тозаңдар мен спораларды зерттеу) -Палеонтологиялық (қазып алынған ағзалар мен олардың тасқа басылған таңбаларын зерттеу) -Палеогеографиялық реконструкция -Экологиялық талдау -Модельдеу -Дистанциялық немесе қашықтан зерттеу (аэрофототүсіру, космостан түсіру, талдау, суреттерді шешу

Слайд 9
Описание слайда:
Пәні микроағзалардың, саңырауқұлақтардың, өсімдіктер мен жануарлардың географиялық таралу себептері, механизмдері және заңдары.

Слайд 10
Описание слайда:
Биогеографияның басты ұғымдары Флора-(латынша flora —Риммифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы,Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең, қоңырбас, сарғалдақ, т.б., ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, өсімдіктер бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты.

Слайд 11
Описание слайда:
Биогеографияның басты ұғымдары Өсімдіктер -Жердің немесе белгілі бір аймақтың өсімдіктер бірлестігінің (фитоценоз) жиынтығы. Бұл жерде өсімдіктердің өзара байланысына, санына, үйлесіміне баса мән беріледі. 1849 жылы Турман флора және өсімдіктер ұғымы арасындағы айырмашылықты атап берді. Өсімдік жамылғысы-флора мен өсімдіктердің жиынтығы.

Слайд 12
Описание слайда:
Биогеографияның басты ұғымдары Фауна(лат.Fauna– Ежелгі Рим мифологиясы бойынша орман мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы) – белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. Түрлі систематикалық бірліктерге жататын фауналар көп жағдайда жеке-жеке сипатталады (сүтқоректілер, балықтар, құстар, насекомдар фаунасы)

Слайд 13
Описание слайда:
Биогеографияның басты ұғымдары Жануарлар бірлестігі-белгілі бір аймақ немесе акватория шегіндегі бір немесе бірнеше түр особьтарының тарихи қалыптасқан қауымдастығы. Жануарлар әлемі-фауна мен жануарлар бірлестігінің жиынтығы

Слайд 14
Описание слайда:
Биогеографияның басты ұғымдары Биота-флора мен фаунаның бірлестігі, таралу аймағы ортақ өсімдіктер мен жануарлардың тарихи қалыптасқан қауымдастығы. Бір биотаға жататын түрлер арасында байланыстың болуы міндетті емес.

Слайд 15
Описание слайда:
Биогеографияның басты ұғымдары Биом-ағзалардың түрлі топтары мен олардың белгілі бір ландшафтылық-географиялық зонаға тән мекен ету ортасының жиынтығы

Слайд 16
Описание слайда:
Биогеография тарихы Биогеографияның даму этаптары 16ғ дейін-ботаника мен зоология ғылымдары шеңберінде өсімдіктер мен жануарлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы білім жинақталды. 16-18ғғ дүниенің пайда болуы туралы библиялық аңыздарға бағытталған өсімдіктер мен жануарлар туралы білімнің басымдық етуі. 18 ғ екінші жартысы-19 ғасырдың ортасы. Апаттар теориясы ықпалымен ботаникалық география және зоогеография аясында экологиялық бағыттардың қалыптасуы 19ғ. Екінші жартысы-1920жж. зоогеография мен фитогеографияның дамуы, эволюциялық ілім ықпалымен қоршаған орта жағдайларына бейімделушілік туралы ғылым ретінде өсімдіктер және жануарлар экологиясының қалыптасуы, 1920-60жж-табиғатты қорғауда теориялық база болып табылатын экологияның өз алдына жеке жалпы биологиялық ғылым ретінде бой көтеруі, жалпы биогеографияны құруға қадам басу, биосфера туралы ілімнің қалыптасуы, 60 жж- қазіргі кезге дейін- ортақ биогеография мен ғаламдық экологияның дамуы, адам экологиясының бөлініп шығуы (Воронов, 1987ж).

Слайд 17
Описание слайда:
Ежелгі Грекиядағы ғылымның дамуы Аристотель (б.э.д.384-322жж) іргелі биологиялық шығармалары: «Жануарлар тарихы», «Жануарлардың дене бөліктері туралы», «Жануарлардың пайда болуы туралы», «Жан туралы» -тірі ағзалардың сыртқы түрпаты мен мінез-құлықтарын зерттеді. - Жануарлардың 500 тарта «түрлерін» сипаттап жазды. -біртұтастық ілімін ұсынды -Тірі ағзалардың үш тобын бөліп көрсетті: өсімдіктер, жануарлар (аңдар, құстар, құрттар, балықтар) және адамдар

Слайд 18
Описание слайда:
Ежелгі Грекиядағы ғылымның дамуы Теофраст (б.э.д.372-287жж) -9 томдық «Өсімдіктер туралы зерттеулер», 6 томдық «Өсімдіктердің себептері туралы» - Өсімдіктердің 500 тарта «түрлерін» сипаттап жазды -алғаш тұқым, өзек, тұқым қабы секілді ұғымдарды енгізді -өсімдіктердің көбею жолдарының әр түрлілігін анықтады: өз бетімен өсіп көбею, тұқымнан, тамыр арқылы, өркеннен, тамыр жемістен, бұтақтан көбею. -дара жарнақты (астық тұқымдастар) және екі жарнақты (бұршақ тұқымдастар) өсімдіктер арасындағы айырмашылықтарды анықтады. -климат пен топырақтың өсімдік жамылғысына тигізетін әсерін көрсете келе түрлі аймақ өсімдіктеріне сипаттама берді

Слайд 19
Описание слайда:
Ежелгі Римдегі ғылымның дамуы Гай Плиний (б.э.24-79 жж) 37 томдық «Табиғат тарихы». Оның екі томы тірі ағзаларға арналған. 12-13 томдарда «географиялық таралуына сай өте маңызды деп есептейтін басқа жақтарда өсетін ағаштарға» сипаттама береді. -еңбектер 17 ғ аяғына дейін табиғат туралы білімнің қайнар көзі саналып келді.

Слайд 20
Описание слайда:
16 ғасыр-18 ғасырдың алғашқы жартысы Леонардо да Винчи (1452-1511) -көптеген өсімдіктерді сипаттады, жапырақтың жүйкелену түрлерін, күлтелерінің және тостағаншаларының суретін салды -оның еңбектерінде жарықтың, ылғалдың және топырақ құрамының өсімдіктер тіршілігіне тигізетін ролі туралы мәліметтер келтірілген. И.Баугинов (1591-1565) Швеция -Өсімдіктер табиғатының тарихы» еңбегінде 4000 тарта өсімдіктерге сипаттама берген 

Слайд 21
Описание слайда:
16 ғасыр-18 ғасырдың алғашқы жартысы Конрад Гесснер (1516-1565) Швейцария -«Жануарлар тарихы» Сол кезге дейін белгілі болған омыртқалы жануарларды алфавит бойынша сипаттап, олардың дене құрылысына, өмір сүрі сипатына, инстинктері мен таралуына тән ерекшеліктерін көрсетті туыс және түр ұғымдарын, бинарлық номенлатура принциптерін нақты анықтай білді. Осы кездерде алғашқы ботаникалық бақтар құрылды (1525ж Падуя, 1577 –Лейден, 1593 ж Гейдельберг), гербарийлер пайда болды. 1594 жылы П.Планцино дүние жүзі картасын-фауналық аудандастыру картасының алғашқы қадам жасады.

Слайд 22
Описание слайда:
16 ғасыр-18 ғасырдың алғашқы жартысы Джон Рей (1628-1705) Англия «Өсімдіктер тарихы» Карл Линней (1707-1778) Швеция. Өсімдіктер мен жануарлар систематикасының негізін қалаушы. -«Табиғат жүйесі» -1500 тарта жаңа өсімдік түрлерін сипаттады -Креационизмді жақтаушы (жаратқан жер- тропиктердегі аралдық биік таудың биік шыңы) М.В.Ломоносов (1711-1765)  -1758 ж бастап Ғылым Академиясының Географиялық департаментін басқарды. Академиялық экспедициялар ұйымдастыру туралы идеяны бастаушы. -Жердің даму тарихы туралы идеяны ұсынды

Слайд 23
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы Жорж Луи Леклер, граф де Бюффон (1707-1788)   -«Табиғат тарихы» 44 томдық, (1749-1788) -«Табиғат кезеңдері»(1778) Жер беті сипатының шапшаң өзгеретіндігін дәлелдеп, жануарлар мен өсімдіктердің теңіздер мен құрылық конфигурациясына тәуелді тарайтындығын, тау жоталары мен ірі су айдындарының жануарлардың таралуында кедергі болып табылатындығын анықтады. Маңызды көптеген биогеографиялық тұжырымдар ұсынып, апаттар теориясын құптады.  

Слайд 24
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы Жорж Кювье (1769-1832) -апаттар теориясының авторы, биологиядағы креационистік концепцияның жақтаушысы, аса ірі систематик, салыстырмалы анатомия мен палеонтология саласының көрнекті өкілі. Ағза бөліктерінің корреляция принципін ойлап тапты Эберхард Циммерман (1743-1815) Германия -«Зоологиялық география» (1777) -«зоогеография» және «географиялық зоология» терминдерін енгізген  

Слайд 25
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы Петер Симон Паллас(1741-1811) Россия -Ресей империясының түрлі өлкелеріне саяхат» (1773-1778) - Азиялық Ресейдің зоогеографиясы 3 том -Ресей флорасы 2 том Зерттеудің экологиялық әдістерін қолданған алғашқы биогеографтардың бірі, ағзалар арасындағы генетикалық байланысты ата-тек ағашы түрінде бейнелеуді ұсынды. Карл Людвиг фон Вильденов (1765-1812) Германия «шөптану негіздері» 1792. Қазіргі өсімдіктердің пайда болу себептерін табуға ұмтылды. -бір түрге жататын өсімдіктердің бірнеше шығу орталықтары болуы мүмкін деген пікірді ұсынды.

Слайд 26
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы Александр Фридрих фон Гумбольдт (1769 – 1859)  -өсімдіктердің экологиялық географиясының негізін қалаушы -«өсімдіктер географиясы туралы идеялар» (1807) еңбегінде картографиялық мақсатта өсімдіктер изолиниясын пайдалануды ұсынды. -« 1799-1804 жылдардағы Жаңа Дүниенің тропикалық аймақтарына саяхат» 30 том -«Космос»(1845-1862) өсімдік жамылғысының жер шарында таралуының жалпы сипатын көрсетті -ағзалардың таралуындағы жалпы заңдылықтарды анықтап берді: ендік зоналық, биіктік белдеулік, аумақтық -Өсімдіктердің 17 типін бөліп көрсетті -өсіміктердің физиономилық типіне климаттың әсерін көрсетті Жер шарының көптеген аймақтарына тән өсімдіктерді сипаттап жазды «ассоциация», «тіршілік формасы», «гилея» терминдерін ұсынды

Слайд 27
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы И. Турман (1848) «флора» және «өсімдіктер» ұғымдары арасындағы айырмашылықты анықтады Франц Иосиф Рупрехт (1814 – 1870) топырақ жағдайларына байланысты тундар өсімдіктеріңн зерттеді. К. Кот (1763 – 1844) орман өсімдіктерін зерттеді Огюстен Пирам Декандоль (1778 – 1841) «түрдің өмір сүру ортасы» ұғымына анықтама берді, өмір сүру ортасына қарай өсімдіктер классификациясын ұсынып, шалғын, орман, тау, тас, теңіз өсімдіктерін бөліп көрсетті.

Слайд 28
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы Альфонс Декандоль (1806-1893) « Өсімдіктер патшалығының табиғи жүйесіне кіріспе» 22 т. ( әкесімен бірігіп жазылған 1824-1839, 1844-1874), «Өсімдіктер географиясы» (1855) Юлиус Миндинг (1808-1850) 1829 жылы табиғи фауналық областарды анықтауға талпынды. Фауналық областардың сызықтық шекараларының салыстырмалы сипатын анықтады, «автохтондар» және«мигранттар» терминін ұсынып, оларға анықтама берді.

Слайд 29
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы Андреас Иоганн Вагнер (1797-1867) 1844 жылы негізгі фауналық областарды сәтті бөліп көрсетті. (ғылымға әйгілі Ф. Склетер ұсынған құрлықтың зоогеографиялық аудандастырылуы негізінен осы картаға сүйеніп жасалған). Людвиг Шмарда (1819-1908). «Жануарлардың географиялық таралуы» (1853). Зоогеографияға экологиялық бағыт қосты. Жер шарын зоогеографилық аймақтарға бөлді (құрлықта 21 «патшалық» және теңізде 10 патшалық)

Слайд 30
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы Биогеографияның ғылым ретінде қалыптаса бастауы Чарльз Дарвин (1809 – 1882) 1859 жылы Дарвин өзінің негізгі шығармасын - «Табиғи сұрыпталу арқылы өмірдің пайда болуы» жарыққа шығарады «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі»(1868). «Адамның шығу тегі және жыныстық тандау» (1871 ж.) - «Жәндікқоректі өсімдіктер»(1875 ж.); - «Айқас және өздігінен тозаңданудың әсері»(1876 ж.); - «Орхидеяның тозаңдануы «(1877 ж.) және т.б. Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар:тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күресжәне табиғи сұрыпталу.

Слайд 31
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғасырда Зоогеографияның дамуы. Филипп Латли Склетер (1829-1913). Ағылшын орнитологы. Құстардың таралу ерекшеліктерін зерттеу негізінде 1858 жылы құрлықты зоогеографиялық аудандастыруды ұсынды. Ол құрлықты алты аймаққа бөлп көрсетті-Палеарктикалық, Эфиопиялық, Үнділік, Австралиялық, Неарктикалық және Неотропкалық. Ричард Лидеккер (1849-1915) – Т. Гексли принципі негізінде 3 «геяны»: Нотогея, Неогея және Арктогеяны бөліп көрсетті Альфред Рассел Уоллес (1823-1913) «Малай архипелагының зоологиялық географиясы» (1860), «Жануарлардың географиялықтаралуы» (1876) 2 т., «Аралдық тіршілік» (1889) еңбектерінің авторы. «Дарвинизм» терминінің авторы, зоогеографиялық аудандастыру сызбасын құрған.

Слайд 32
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғасырда Зоогеографияның дамуы. Николай Алексеевич Северцов (1827-1885) Тарихи зоогеографияның негізін қалаушы. «Түркістан жануарларының тік және көлденең бағытта таралуы» (1873). Өзінің «Біздің материктің тропикалық бөлігінен тысқары зоологиялық областары туралы» (1877) еңбегінде Палеарктиканы аудандастыру схемасын ұсынды. Біртұтас биогеография құруды ұсынды. Михаил Александрович Мензбир (1855 – 1935) «Европалық Россияның орнитологиялық географиясы» (1882) еңбегінде Н.А.Северцовтың Палеарктиканы аудандастыру схемасына нақты талдау жасайды. Арнольд Ортман (1863-1927) «Теңіз зоогеографиясының негіздері»еңбегінің авторы (1898).

Слайд 33
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғ.өсімдіктер географиясының дамуы Август-Генрих Гризебах (1814-1879) - «Жер шары өсімдіктерін климаттық бөліктер бойынша аудандастыру» атты классикалық еңбектің авторы (1872). Йоханнес Варминг (1841-1924) -«Өсімдіктердің экологиялық географиясы» еңбегінің авторы (1896). Андреас Шимпер (1856-1901) – «Географии растений на Өсімдіктер географиясының физиологиялық негіздері» (1898) еңбегінің авторы. Оскар Друде (1852-1933) 1880–90 жж Жерді ботаникалық-географиялық аудандастыруға арналған еңбектер сериясын шығарды. Өз кезегінде жеке провинцияларға бөлшектенетін 14 областы бөліп көрсетті.

Слайд 34
Описание слайда:
18 ғ. аяғы-19 ғ. ортасы 19 ғ.өсімдіктер географиясының дамуы Андрей Николаевич Бекетов (1825-1902)–Россиядағы ботаникалық географияның негізін қалаушы. 1884 ж. «Европалық Россияның фитогеографиялық очеркі» еңбегі жарыққа шықты. Бекетов алғаш рет 1896 ж. орыс тілінде ботаникалық география курсын ұсынды. Гавриил Иванович Танфильев (1857-1928)–алғашқы орыс геоботаникалық картасының авторы Андрей Николаевич Краснов (1862-1915) - «Өсімдіктер географиясы (өсімдіктердің таралу заңдары және жер шары өсімдіктеріне сипаттама)» атты іргелі биогеографиялық еңбетің авторы (1896). 1912 ж. Батумийдегі ботаникалық бақтың негізін қалаған

Слайд 35
Описание слайда:
20 ғ. Биогеографияның даму бағыттары Экологиялық және тарихи ботаникалық географияның, зоогеографияның дамуы. Геоботаникалық индикация туралы ілімнің қалыптасуы (Фредерик Клементс, 1920). биогеографиялық картографияның, атап айтқанда, зоогеографиялық картографияның дамуы. Жердің тірі қабығын зерттеудің дистанциялық әдістерін енгізу. ГАЖ-технологияларын қолдану. Әлемдік мұхит фаунасын, топырақ қабатындағы жануарлар мен микрофлораны зерттеу. Биоалуантүрлілік географиясының қалыптаса бастауы (Роберт Мак-Артур, 1959).

Слайд 36
Описание слайда:
20 ғ. Биогеографияның даму бағыттары Борис Карлович Штегман (1893-1975) «Палеарктикалық областың орнитологиялық бөлшектену негіздері» (1938) Андрей Петрович Семенов-Тянь-Шанский (1866-1942). Палеарктиканы провинция деңгейіне дейін зоогеографиялық бөлшектеуді ұсынды,. . Лев Семенович Берг (1876-1950) Палеарктиканы ландшафтылық бөлшектеуге және тұщщы су балықтарының таралуын негізге ала отырып, Палеарктиканы аудандастырды ареалдардың биполярлық ажырау себептерін түсіндірді. Александр Николаевич Формозов (1899-1973). «Қар жамылғысы орта факторы ретінде және оның КСРО сүтқоректілері мен құстарының өміріндегі ролі (1946)

Слайд 37
Описание слайда:
20 ғ. Биогеографияның даму бағыттары Владимир Георгиевич Гептнер (1901-1975). «Жалпы зоогеография» (1936) Филипп Джексон Дарлингтон (1904-1983). «Зоогеография» (1966 – орысшасы.) Анатолий Георгиевич Воронов (1911-1995). «Биогеография экология негіздерімен» (1963, 1987) Николай Николаевич Дроздов (. 1937) –биогеография бойынша көптеген құралдардың авторы Армен Леонович Тахтаджян (род. 1910) – Жерді флористикалық аудандастырды. «Гүлді өсімдіктердің пайда болуы мен таралуы» (1970). «Жердің флористикалық областары» (1978). 

Слайд 38
Описание слайда:
Сызбалар, есептер, ситуациялар Биосфераның иерархиялық құрылымы (Т.Т. Форман бойынша) суретке сипаттама беріңіздер:

Слайд 39
Описание слайда:
Биогеоценоз құрылысы (Пономорева, 1978 ж. ) суретін талдаңыздар

Слайд 40
Описание слайда:
Биогеоценоз (экожҥйе) суретін сипаттаңыздар. Биотоп пен биоценоз байланысын анықтаңыздар

Слайд 41
Описание слайда:
Жер беті биоценоздарының қоректену тізбегін сипаттаңыздар


Скачать презентацию на тему Тақырыбы: Биогеография пәні. Ғылым тарихы можно ниже:

Похожие презентации