Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі - «Мәңгілік ел» идеясының символы презентация

Содержание


Презентации» Образование» Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі - «Мәңгілік ел» идеясының символы
Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі - «Мәңгілік ел» идеясының символыҒылыми жұмыстың мақсаты. 
 Қазақ әдебиетіндегі көк бөрі бейнесінің мифологиялық, тарихиТӘЖІРИБЕНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ:   Жинақтау;  Жүйелеу;  Талдау. 
 ЖҰМЫСТЫҢЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕРБЕСТІК ДӘРЕЖЕСІ: 
 Көк бөрі бейнесі – қазақ«Көк бөрі» сөзінің мағынасындағы «көк» сөзіне тоқталайық. Төмендегідей мағыналарды береді: «Бөрі» сөзіне түсініктеме
 бөрі 1 зат. 1. Қасқыр, серекқұлақ.
 2 тар.Түркі тектес халықтардың фольклорлық туындыларының ішінен мифологиялық бейне болып табылуы тегінКөкбөрі арқылы аңызды тірілте отырып, тегімізден тамыр тартқан «рухты» іздеу, шақыруҚазақ елінің ұлттық сенімін, рухын арқалап, көнеден келе жатқан түркі тектесҚазақтардың байырғы таным-түсінігінде қасқырдың алатын орны екі жақты: Біріншіден, ол —Таңертен болғанда Оғыз қағанның шатырына күндей бір жарық кірді. Ол жарықтанБайрағымыз неге көк?
 Бұл үзінділерден байқалатындай, шығармада бөрінің ата тектік қызметіЭпостық жыр-дастандардағы «көк бөрінің» бейнесі
 Эпостық жырлардағы «көк бөрінің» бейнесіне батырдыңЖыраулар поэзиясындағы «көк бөрі» ұғымы
 Жыраулар поэзиясындағы көк бөрі ұғымын бір-бірінеПетроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі–көктүріктердің (жалпы түрік ) әлемдікКөшпелі тірлік құрған жауынгер, азатшыл түркі халқының бір ұрпағы қазақтардың байрағынаМәңгілік тәуелсіз елді аңсаған сол Алаш қайраткерлерінің туындыларындағы бөрі символы астарындаТез барам
         ТезАқындардың көбі көк бөрі бейнесіне бабалардың батырлығын жырлап, соларды бүгінгі ұрпаққаФ.Оңғарсынованың "Сиыну" атты өлеңінде зынданда отырған қарақшы "далада кендік болғанмен, қорқауБертінгі буындағы азаматтық дауыстары айқын, талантты ақындардың шығармашылықтарында көк бөрі кейпіЖаңа заман әдебиетідегі «көк бөрі» бейнесі  Жаңа ғасыр әдебиетіде халықЗерттеуші С.Медеубекұлы Елубай бақсының жыланды арбау үшін бөрі иесін былай шақырғандығынПайдаланған әдебиеттер:
 1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том – Алматы 2002 ж. 



Слайды и текст этой презентации
Слайд 1
Описание слайда:
Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі - «Мәңгілік ел» идеясының символы


Слайд 2
Описание слайда:

Слайд 3
Описание слайда:

Слайд 4
Описание слайда:
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Қазақ әдебиетіндегі көк бөрі бейнесінің мифологиялық, тарихи деректерге сүйене отырып, функционалдық қызметі мен даму эволюциясын ашу негізгі мақсат болып табылады. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады: Халықтың рухани мәдениетіндегі көк бөрі символикасының орнын белгілеу; Қазақ фольклорындағы көк бөрі бейнесінің негізгі функцияларын анықтау; Көк бөрінің көркем бейне ретінде қалыптасу жолдарын көрсету; Көк бөрі бейнесін тарихи кезеңдермен байланыстыру;

Слайд 5
Описание слайда:
ТӘЖІРИБЕНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ: Жинақтау; Жүйелеу; Талдау. ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Жұмыс өзегінде айтылған пікірлер сарапталынып, қорытыланды. Нәтижелерді практикада қолдау салалары: жұмыс нәтижелерін ақын-жазушының жеке шығармашылығын таныстырған тұста, сондай-ақ ауыз әдебиеті кезеңін өткен тұста практикалық мақсатта қолдануға болады.

Слайд 6
Описание слайда:
ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕРБЕСТІК ДӘРЕЖЕСІ: Көк бөрі бейнесі – қазақ халқының діни наным-сенімін, дүниетанымын, рухани деңгейін аңғартатын танымдық тұлға. Әлем халықтарының фольклорлық мұраларында көк бөрі бейнесі басты бес қырымен ашылады. (Тотем, рух, хтоникалық хайуан, магиялық күш иесі, көркем бейне). Мұның өзі бұл бейненің жан-жақты сомдалған, қомақты дүние екенін аңғартады.

Слайд 7
Описание слайда:

Слайд 8
Описание слайда:

Слайд 9
Описание слайда:
«Көк бөрі» сөзінің мағынасындағы «көк» сөзіне тоқталайық. Төмендегідей мағыналарды береді: а) Түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе, Құс алған көкке қарар (халық даналығы) ә) Көк аспан - көк жүзі, аспан күмбезі б) Көк күмбезі – аспан әлемі в) Киіз үйдің керегесінен т.б. көктейтін түйенің терісінен істелген таспа, қайыс. Қарап тұрдым керегенің көгінен. (С. Сейтқазин) [ 1 ] г) Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі. Бала көкке құмар болады. ғ) Көк бөрі – азулы, адуынды деген мағынаны білдіреді.

Слайд 10
Описание слайда:
«Бөрі» сөзіне түсініктеме бөрі 1 зат. 1. Қасқыр, серекқұлақ. 2 тар. Түркі халықтарының тарихи жадындағы киелі ұғым, қасқырдың жағымды атауы. Аңыз бойынша БӨРІЛЕР түркілердің ұрпағын құтқарып қалған. (Қ. Ұ.Э.)Бөрі құтқарушы тотем ретінде «Оғыз наме» жырында, «Ергенеқон» дастандарында, татар халқының ақ қасқыр туралы әңгімелерінде, қазақ ертегісі «Ақ қасқыр» және т.б. түркі халықтарының аңыз-әңгімелерінде көп кездеседі. (Қ.Ұ.Э.) 3. ауыс. Қаныпезер, қаныпезер, қанышер адам. Өз баласын өз бөлтірігін өзі жеген бөрі емес пе? Бұл не деген сұмдық еді! (М. Иманжанов, адам) БӨРІ 2 з.е. астр. 1 <лат. Iupus> Аспанның оңтүстік бөлігіндегі шағын шоқжұлдыз. Бөрі жұлдызы оңтүстік ендіктен көктемде көрінеді. (Қ.Ұ.Э.) БӨРІ 3 з.е. көне, тар. Ежелгі түркі қағадарының дербес жасағына берілетін атақ.Бөрілер ежелгі түркі билеушілерінің жеке басын қорғауға арналған арнаулы жауынгерлер тобы.Жылнаманың бірінде бөрі атағын кейде қаған бекітіп отырады. Бұл жас ұландардың жауынгершілік айбарын арттыру мақсатымен істелген деген болжау бар.(Отырар энц.)Бөрілер жасағы соңыс ісін жетік меңгерген атақты батырлардан іріктеліп өздері де, аттары да темір сауытпен құрсаған. (Қ.Ұ.Э.) 4. ауыс. Тайсалмайтын, мықты, жаужүрек адам. Әділ, Еділ-қос бөрі қадіріңді білген кісінің өзегеін өрттей өртедің(Базар жырау,Шығ.)Жүз бөрі аз дамылдап алыстады да.Ат қайта қалың жауға “Абылайлап” жүз қыран мың сап қолға араласты,Орғыған асқар таудан судай тасты. (М. Жұмабаев шығ.)

Слайд 11
Описание слайда:
Түркі тектес халықтардың фольклорлық туындыларының ішінен мифологиялық бейне болып табылуы тегін емес. Шығармалардың басым көпшілігінде ол қоғам өмірінің сан қырлы аспектілерін ашатын, халықтың дүниетанымын өрнектейтін символ түрінде беріледі. Түркі халықтарының нанымында бөрі – рудың тотемі немесе нагуал, тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы күш немесе шаманның ие-ықыласы ретінде беріледі.

Слайд 12
Описание слайда:
Көкбөрі арқылы аңызды тірілте отырып, тегімізден тамыр тартқан «рухты» іздеу, шақыру идеясы жатыр емес пе? Біз Президенттің: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!», деген ұлағатын ұдайы басшылыққа алуға тиіспіз. Себебі, түп атамыз көк бөріден тараған түркі тектес халықтардың тарих бетінде салған дара жолын ары қартай жалғастыру мақсатымыз бар.

Слайд 13
Описание слайда:
Қазақ елінің ұлттық сенімін, рухын арқалап, көнеден келе жатқан түркі тектес халықтардың бабалары қашан да қасқырды сыйлап, қасиетті деп санаған. Орхон-Енисей жазба ескерткішіндегі Күлтегін жырынан көруге болады. Жырда түркілердің әскері бөріге теңеледі: Әкем қағанның әскері бөрідей бопты, Жаулары қойдай бопты. Қазақтың батырлық жырларында «бөрідей тиді», «бөрідейін түн қатып» деген жолдар жиі кездеседі. Тіпті атақты Қарақыпшақ Қобыланды батырдың жары, қамқоршысы Құртқаның есімінде қасқыр атауының жүруі кездейсоқ емес.

Слайд 14
Описание слайда:

Слайд 15
Описание слайда:

Слайд 16
Описание слайда:
Қазақтардың байырғы таным-түсінігінде қасқырдың алатын орны екі жақты: Біріншіден, ол — тотем, яғни этникалық ататек /дәлірек айтқанда, этникалық анатек/. Қытай жылнамалары арқылы жеткен мифологиялық сюжеттерге сүйенсек, түркі тектес халықтардың бабалары болып табылатын тайпалардың көбі өздерін ана қасқырдың бауырынан таратқан.

Слайд 17
Описание слайда:
Таңертен болғанда Оғыз қағанның шатырына күндей бір жарық кірді. Ол жарықтан көк түкті, көк жалды бір еркек бөрі шықты. Осы бөрі Оғыз қағанға сөз беріп тұрып, былай деді: Таңертен болғанда Оғыз қағанның шатырына күндей бір жарық кірді. Ол жарықтан көк түкті, көк жалды бір еркек бөрі шықты. Осы бөрі Оғыз қағанға сөз беріп тұрып, былай деді: Ай, ай, Оғыз! Үрім үстіне сен аттанар боласың! Ай, ай, Оғыз! Қызметіңде мен жүрер боламын! Бұдан соң Оғыз қаған шатырын түргізіп, (жүріп) кетті. (Бір уақытта) қарады, (қараса) әскердің алдын бастап көк түкті, көк жалды үлкен еркек бөрі шауып барады екен. Оғыз да әскерімен сол бөрінің соңынан еріп, шаба жөнелді. Бірнеше күндерден соң көк түкті, көк жалды бұл үлкен бөрі тоқтады. Оғыз да әскерімен тоқтады

Слайд 18
Описание слайда:
Байрағымыз неге көк? Бұл үзінділерден байқалатындай, шығармада бөрінің ата тектік қызметі көктен түскен жарық арқылы түспалданады да, оның мінездемесі елдің ұранына айналу жорыққа аттанған қолға жолбасшылық жасау функциялары арқылы нақпа-нақ беріледі. Мысалы, түркі қағандары жайшылықта да, жорықта да өз ордасының босағасына бөрінің алтын басының бейнесі бар туды шаншып қояды екен; ұштарына мұндай тотемдік жалау байлаулы найзаларды көтерген атты жауынгерлер бедерленген петроглифтер Алтай, Жетісу аймақтарынан көптеп табылған. Бұл бөрінің ұрандық белгісін ұқтырса, Бұланты өзенінің жағасындағы таулы-тасты жақпарда салынған түйелі көш алдындағы алып қасқырдың суреті оның керуенбасылық міндетін көріктейді. Жоғарыда айтылған деректер бүгінгі біздің тәуелсіз еліміздің байрағының көк болуына себепкер болса керек.

Слайд 19
Описание слайда:
Эпостық жыр-дастандардағы «көк бөрінің» бейнесі Эпостық жырлардағы «көк бөрінің» бейнесіне батырдың сұлбасын, жауға қарсы шыққан кездегі сөз жетпес батырлығын, кейіпкердің өзін бөріге балаудың түрлі жолдарын эпостық туындыларда әртүрлі берілген. Көне түркі бабамыздан келе жатқан «бөрі» ұғымы эпостық жыр-дастандарда да өз дәуіріне сай жекеше бейнесімен ерекшеленеді.

Слайд 20
Описание слайда:
Жыраулар поэзиясындағы «көк бөрі» ұғымы Жыраулар поэзиясындағы көк бөрі ұғымын бір-біріне қарама-қарсы екі түрде берілгендігін байқадық. Бірі, қасиетті түсінікті елдің рухын ояту мақсатында өз шығармаларында қолданса, екінші жағынан, белгілі бір тарихи себептерге байланысты бұл ұғым бөріден үрген итке баланады. Қалай болғанда да, қасиетті қасқырдың бейнесі (көкжал бөрі, абадан, құба арлан) ұсақтап, ол қорашыл төбетке, үй күшікке, үйден үрген итке айналып шыға келді. Бұл — жалауы ойға жиырылып түскен жұрт рухының көркемсөзге дәл көшірілген көрінісі. Бірақ халықтың өзіндік сана-сезімі сілкінетін сәттерде ұлттық бағзы бейнелер мидың бізге белгісіз кұпия қатпарларынан, тылсым түкпірлерінен қайта бой қылтитатынын дана тарих дәлелдеумен келеді. Қазақ қоғамы да бұл заңдылықтан қаға беріс қалған емес.

Слайд 21
Описание слайда:

Слайд 22
Описание слайда:
Петроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі–көктүріктердің (жалпы түрік ) әлемдік деңгейдегі елдік белгісі- көк түсті желек туда бейнеленген Көкбөрінің таңбасы болды, ол – «Бөрілі байрақ» деп аталады. Петроглифтерде салынған мыңдаған суреттер мен таңбалардың бірегейі–көктүріктердің (жалпы түрік ) әлемдік деңгейдегі елдік белгісі- көк түсті желек туда бейнеленген Көкбөрінің таңбасы болды, ол – «Бөрілі байрақ» деп аталады. Түркі халықтарының дала жыртқышы қасқыр (бөрі) бейнесі қазақтың жауға шапқанда жауынгерлік рухын оятатын байраққа бедерленген.

Слайд 23
Описание слайда:

Слайд 24
Описание слайда:
Көшпелі тірлік құрған жауынгер, азатшыл түркі халқының бір ұрпағы қазақтардың байрағына бөрінің басы рәміз ретінде алынуы – көне рухтың белгісі. Ол рух «біз көк бөрінің ұрпағымыз» деген ұғымды береді. Көшпелі тірлік құрған жауынгер, азатшыл түркі халқының бір ұрпағы қазақтардың байрағына бөрінің басы рәміз ретінде алынуы – көне рухтың белгісі. Ол рух «біз көк бөрінің ұрпағымыз» деген ұғымды береді. Ғалым Қ. Өмірәлиевтің «көне замандардан «алтын бөрі бас» ту ұстап, «көк бөрі» ұранын ұстанып, «тутуң будун», «қадақ будун», «қазақылық» сынды әскери қызмет атқарған жұрттың қазақ халқына тікелей қатысы бар» деп жазуы – ғылыми қуатты пікір. Қазақ – көне түркілердің елдің рухын жігерлендіретін бөрілі байрақ рәмізін сақтап қалған халықтың бірі. Жоғарыда келтірілген мысалдар мен талдаулар Сүйінбай ақын жырына бөрі бейнеленген байрақтың не себептен кестеленгенін анық ұғындырады деп ойлаймыз.

Слайд 25
Описание слайда:
Мәңгілік тәуелсіз елді аңсаған сол Алаш қайраткерлерінің туындыларындағы бөрі символы астарында мәңгілік ел идеясы жатты.

Слайд 26
Описание слайда:
Тез барам Тез барам Қыранымын сары сайран даланың, Қос қанатым — алтын Алтай, Оралым. Еркін дала ардақтысы, еркесі — Бетім қайтпай өскен батыр баламын. Асқан алып — ата затым сұрасаң, Асқан дана — ана затым сұрасаң. Шашып жалын жас жолбарыс ұмтылса, Қорқақ құлдар, қалай қарсы тұрасың?! Тұлпар мініп, туды қолға алайын, Суырып қылыш, қан майданға барайын. Жердің жүзі кім екенім танысын, Жас бөрідей біраз ойын салайын.

Слайд 27
Описание слайда:
Ақындардың көбі көк бөрі бейнесіне бабалардың батырлығын жырлап, соларды бүгінгі ұрпаққа өнеге-өрнек ету үшін немесе қазіргі қоғамның шындығын атамзаманғы адамдардың аузымен айтқызу мақсатында табан тірейтіндігі байқалады.

Слайд 28
Описание слайда:
Ф.Оңғарсынованың "Сиыну" атты өлеңінде зынданда отырған қарақшы "далада кендік болғанмен, қорқау көңілдер тар мұнда" деп, қоғамдағы жасандылық пен жағымпаздыққа, әлеуметтік әділетсіздікке күйінеді. Сөз жоқ, бұл жерде автор дәстүрлі "қорқау касқыр" деген тіркесті қорқау көңіл деп жаңалап, мұның көмегімен пейілі тар, парасаты кем жандарды алмастыра айтып отыр. Оған кешегі күні жортуылменен далада дабыл кақтырып жүрген қарақшының монологындағы: "Итшілеп өмір сүргенше, көкжал боп өлгенім мың артық!", — деген сөздер қарама-қарсы қойылады да, өлеңнің негізгі идеясы мағыналык шендестірулер ("қорқау — көкжал", "ит — көкжал" жұптары) арқылы ашылады. Ф.Оңғарсынованың "Сиыну" атты өлеңінде зынданда отырған қарақшы "далада кендік болғанмен, қорқау көңілдер тар мұнда" деп, қоғамдағы жасандылық пен жағымпаздыққа, әлеуметтік әділетсіздікке күйінеді. Сөз жоқ, бұл жерде автор дәстүрлі "қорқау касқыр" деген тіркесті қорқау көңіл деп жаңалап, мұның көмегімен пейілі тар, парасаты кем жандарды алмастыра айтып отыр. Оған кешегі күні жортуылменен далада дабыл кақтырып жүрген қарақшының монологындағы: "Итшілеп өмір сүргенше, көкжал боп өлгенім мың артық!", — деген сөздер қарама-қарсы қойылады да, өлеңнің негізгі идеясы мағыналык шендестірулер ("қорқау — көкжал", "ит — көкжал" жұптары) арқылы ашылады.

Слайд 29
Описание слайда:
Бертінгі буындағы азаматтық дауыстары айқын, талантты ақындардың шығармашылықтарында көк бөрі кейпі байырғыша төбе танытады. Бертінгі буындағы азаматтық дауыстары айқын, талантты ақындардың шығармашылықтарында көк бөрі кейпі байырғыша төбе танытады. Сонымен, бірнеше ғасырлар бойғы қилы-қилы тар жол, тайғақ кешулерге қарамастан, қазақ халқының сана-сезімінде көк бөрі туралы ежелгі таным-түсініктердің сол күйінше сақталып, ұрпақтан ұрпаққа ұласуында өлең өнерінің атқарған қызметі айырықша деп ойлаймыз. Өз кезегінде бұл бағзы бейненің поэзиялық туындылардың көркемдік жүйесіне кірігуі, белгілі бір функционалдық мақсатта өзгеріп-өнделуі, жаңарып-жетілуі де мәнді мәселе саналады.

Слайд 30
Описание слайда:
Жаңа заман әдебиетідегі «көк бөрі» бейнесі Жаңа ғасыр әдебиетіде халық санасына көк бейнесін жақсы жағынан көрсетеді.Осындай тектілігімізді келешекке жеткізу үшінде жиырма бірінші ғасыр жазушылары да өз үлестерін қосып жүр. Қазіргі қазақ ақындарынан ізін сонау көне тарихтың сара жолына жақын тұрған – Тыныштықбек Әбдікәкімов. Оған өлең құрылымы мен поэтикалық жүйе, өзіне ғана ұқсас ойлау жүйесі куәгер.

Слайд 31
Описание слайда:
Зерттеуші С.Медеубекұлы Елубай бақсының жыланды арбау үшін бөрі иесін былай шақырғандығын барлатады: Зерттеуші С.Медеубекұлы Елубай бақсының жыланды арбау үшін бөрі иесін былай шақырғандығын барлатады: Бөрі, бөрі, бөрі ием, Кел, жебеуші, бөрі ием, Ұмай Ене, Шашты Әзіз, Еміп өскен бөрі ием! Арлан, арлан бас бөрі, Алты құлаш аш бөрі, Алтайы көкжал жас бөрі, Азулы туған қас бөрі..

Слайд 32
Описание слайда:

Слайд 33
Описание слайда:

Слайд 34
Описание слайда:

Слайд 35
Описание слайда:

Слайд 36
Описание слайда:

Слайд 37
Описание слайда:
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 4 том – Алматы 2002 ж.  682б. 2. М. Жармұхамедов «Көненің көзі» - Алматы «Санат» 1996 ж,54 б. 3. Ежелгі дәуір әдебиеті – Алматы «Ана тілі» 1991 ж. 4. Образование  тюркского каганата и его распад – Өскемен  2004 ж. 5. Қ. Өмірәлиев «Оғыз қаған эпосының тілі» - Алматы: «Ғылым» 1988ж. 6. Тұрсынхан Зәкенұлы «Көк бөрілердің көз жасы» - Астана «Елорда» 2002 ж. 7. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр – аңыздар» - Алматы: 1985 ж.

Слайд 38
Описание слайда:


Скачать презентацию на тему Қазақ әдебиетіндегі «Көк бөрі» бейнесі - «Мәңгілік ел» идеясының символы можно ниже:

Похожие презентации