Түркия презентация

Түркия
 Мақсаты:Түркия мемлекетінің құрылуы және оның тарихын меңгеру1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресі
  Түрік халқының ұлт-азаттық күресініңМұстафа Кемалдің өмірі және оның құқық қорғау ұйымдарын құруы1921—1922 жылдардағы Ресей — Түркия келісімдері
 Ұлы жиылыс елдегі жалғыз ғанаСакария шайқасы
 1921 жылы наурызда Түркия армиясы Иненю атты ауылдың маңайындаКемал үкіметінің реформалары
 Азаттық күресте жеңіп шыққан Түркия буржуазиясы өз билігінЕкінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Түркия
 1939 жылы қыркүйек айында Мәскеуге келген30-жылдардағы Түркия Республикасының халық­ аралық беделінің тұрақтануы
 1930 жылдарда Түркия РеспубликасыныңДерек көздері:
 http://engime.org
 Infourok.ru
 https://ru.wikipedia.org
 https://www.zharar.com
 http://referatikz.ru
 https://prezi.com



Слайды и текст этой презентации
Слайд 1
Описание слайда:
Түркия Мақсаты:Түркия мемлекетінің құрылуы және оның тарихын меңгеру


Слайд 2
Описание слайда:
1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресі Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы. Түркия халқының ұлт-азаттық күресі алғышарттарының пісіп-жетілуі Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шаруашылық күйзелісімен тығыз байланысты. Соғыста жеңілген Түркия жеріне Антанта тобының әс- кері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Англия, Франция, Италия және Грекия әскерлері басып алған аймақтарында жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті. Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор және Дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймақтарын басып алды. 59 А н т а н т а б а с қ ы н ш ы л а р ы н ы ң зорлық-зомбылығы, Ресейдегі ре- волюциялық өзгерістер Түркия халқының наразылығын күшейте түсіп, елдің тәуелсіздігі үшін күреске жұмылдырды. Ұлт-азаттық күрес тү- рік халқы біртұтас топтасқан аймақ — Анадолы түбегінде басталды. Құқық қорғау ұйымдарын құру. 1918—1923 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығында Құқық қорғау ұйымдары атты буржуазия- лық-патриоттық қоғамдар болды. Осы аттас ұйымдар Түркияның көптеген аудандарында құрылды. Бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын 1919 жылы мамырда Анадолыға келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды.

Слайд 3
Описание слайда:
Мұстафа Кемалдің өмірі және оның құқық қорғау ұйымдарын құруы

Слайд 4
Описание слайда:
1921—1922 жылдардағы Ресей — Түркия келісімдері Ұлы жиылыс елдегі жалғыз ғана заңды орган деп жарияланды. Мұстафа Кемал бастаған жаңа үкімет құрылды. 1921—1922 жылдардағы Ресей — Түркия келісімдері. М. Кемал үкіметі 1920 жылғы мамырда Мәскеуге өкіл- дер жіберіп, келіссөзге кірісті. 1921 жылы 16 наурызда Кеңес — Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Кеңестік Ресей үкіметі революция- шыл Анкара тобына тегін 10 млн сомдық алтын, қару- жарақ, оқ-дәрі жеткізетін болды.

Слайд 5
Описание слайда:
Сакария шайқасы 1921 жылы наурызда Түркия армиясы Иненю атты ауылдың маңайында гректің басқын- шы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске ие болды. Азаттық жолындағы күрестің шешуші шайқасы 1921 жылы 23 тамыз — 13 қыркүйек күндері Сакария өзенінің бойында өтті. 1922 жылғы сәтті шабуылдардың барысында гректер- ден Анадолы түбегі толық тазартылды. Италия мен Фран- ция әскерлері де елден шығарылды. 1922 жылы қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жою туралы заң қабылдады, ақырғы сұлтан V Мехмед елден қуылды. Түркия халқының ұлы жеңісі халықаралық конфе- ренцияда бекітілді. 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна қаласында өткен халықаралық конференция Түркия мен 7 шет мемлекеттің (Англия, Франция, Италия, Грекия, Румыния, Югославия, Жапония) арасындағы бітімді бекітті. Лозанна келісімі Түркияның аумақтық бүтіндігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады.

Слайд 6
Описание слайда:
Кемал үкіметінің реформалары Азаттық күресте жеңіп шыққан Түркия буржуазиясы өз билігін тұрақтанды- руды қолға алды. 1923 жылдың сәуір айында Республикалық халықтық партия құрылды. Партияның төрағасы М.Кемал паша парламенттік сайлауда жеңіп шығып, бұл партия үкіметті басқарушы күшке айналды. 61 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жария- ланды. Республиканың бірінші президенті болып М. Кемал паша сайланды. Сакария жеңісінен кейін М. Кемалға маршал шені мен қазы атағы берілді. 1923 жылы 13 қазан- да мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді. 1924 жылы 3 наурызда халифат жойылып, халиф әулеті елден қуылды. 1924 жылы 20 сәуірде Түркия мәжілісі жаңа Кон- ституциясын жариялады. Конституция демократиялық тәртіпті бекітті. Азаматтардың жекебасының еркіндігі, жекеменшік қауіпсіздігі, сөз, ой-пікір, баспасөз, жиналыс және ұждан бостандығы қорғалады деп жарияланды. 1920—1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформала- ры елдің мәдени және тұрмыс жағдайына үлкен өзгерістер енгізді. Діни мектептер жабылып, азаматтық мектептер ашылды, шариғаттық сот орнына азаматтық сот органда- ры енгізілді. 1926 жылы азаматтық заң жинағы қабыл- данды. Бұл заң негізінде көп әйел алуға, бір адамның (ерінің) қалауы бойынша ажырасуға тыйым салынды. Азаматтық некелесу тәртібі, әйелдердің еркектермен теңқұқықтығы жарияланды.

Слайд 7
Описание слайда:
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Түркия 1939 жылы қыркүйек айында Мәскеуге келген Түрік деле- гациясы екі ел арасындағы өзара көмек келісіміне дайын екенін білдірді. Гитлерлік Германиямен жақындасқан сталиндік үкімет Түркия ұсынысын қабылдамады. Түркия Республикасының ұлттық мақтанышы — Айя-София храмы 63 1941 жылы 18 маусымда Түркия мен Германия арасын- да достық және өзара жауласпау шартына қол қойылды. 1941 жылы 25 маусымда Түркия үкіметі бейтараптық саясатты жақтайтынын жариялады. 1943 жылы Исмет Иненю Каир қаласында Рузвельтпен және Черчилльмен кездесіп, Англия — АҚШ одағымен жақындасудың жолын ашты. 1945 жылы 23 ақпанда Түркия Германияға соғыс жа- риялап, антигитлерлік одақ жағына ауысқанын білдірді. 1945 жылы 19 наурызда КСРО үкіметі 1925 жылғы Кеңес- Түрік бейтараптық келісімін жойғанын мәлімдеді. Кеңес үкіметінің бұл әрекеті көп жылдар бойы қалыптасқан Кеңес-Түрік достық қатынастарының бұзылуына себеп болды.

Слайд 8
Описание слайда:
30-жылдардағы Түркия Республикасының халық­ аралық беделінің тұрақтануы 1930 жылдарда Түркия Республикасының экономикалық жағдайының тұрақ- тануына байланысты оның халықаралық жағдайы да 62 жақсара түсті. Түркия мен КСРО арасындағы экономика- лық қатынастардың дамуы арқасында, КСРО берген 8 млн доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында кеңес мамандарының көмегімен ірі тоқыма кәсіпорындары са- лынды. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды. 1936 жылы Түркия Республикасының өтініші бойынша Швейцарияның Монтре қаласында халықаралық конференция шақырылды. Босфор мен Дар- данелл бұғаздарын бақылайтын халықаралық комиссия таратылып, бұғаздар Түркия Республикасының толық иелігіне қайтарылды. Түркия өз қалауы бойынша бұғаздар жағалауына әскери бекіністер салып, қарулануға еркіндік алды. 1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы Балқан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті.

Слайд 9
Описание слайда:
Дерек көздері: http://engime.org Infourok.ru https://ru.wikipedia.org https://www.zharar.com http://referatikz.ru https://prezi.com


Скачать презентацию на тему Түркия можно ниже:

Похожие презентации