Тақырыбы: Тіс шығу кезіндегі ауруларда дәрігердің тактикасы.Тістің шығуы киын презентация

Содержание


Презентации» Образование» Тақырыбы: Тіс шығу кезіндегі ауруларда дәрігердің тактикасы.Тістің шығуы киын
ТІС ЖАРЫП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ ДЕРТТЕРІ 
 Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестергеСебебі а) Зат алмасу процесінің — ішкі секреция бездерінің, гормондардың реттеуНегізінен тіс жарып шығу аурулары (сүт және тұрақты тістері) ешбір қабынуПЕРИКОРОНАРИТ  
 ПЕРИКОРОНАРИТ  
 Перикоронарит – төменгі ақыл тісі кедергіленіп жарыпРЕТРОМОЛЯРЛЫ ПЕРИОСТИТ
 РЕТРОМОЛЯРЛЫ ПЕРИОСТИТ
  Жедел перикоронарит ретромолярлық периоститке жиі айналады.РЕТРОМОЛЯРЛЫ НЕМЕСЕ ПЕРИКОНАРЛЫ ОСТЕОМИЕЛИТ  
 Остеомиелиттің дамуына перокоронарит ғана әсер етіпЕмдеу әдістері.
 Емдеу әдістері.
 Қабыну процесінің даму ерекшеліктеріне байланысты консервативті немесе хиругиялықAсқынуларды емдеу практикалық дәрігерлер үшін күрделі мәселе болып отыр. жарып шығыпЖетінші азу тісті, тек оның тубірінде, сегізінші тістің көлбеу орналасуынан тісЭлеватордың бағытын, тістің қаттылығьш, төменгі жақ сүйегінің буьшынан қозғалғыштығын, тыныс алуТісті атипиялық жулу



Слайды и текст этой презентации
Слайд 1
Описание слайда:


Слайд 2
Описание слайда:
ТІС ЖАРЫП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ ДЕРТТЕРІ Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ кейбір тістер нақтылы шығатын уақытынан кешігіп шыққанда оның маңайындағы _ тіндер қабынады. Тістің кедергімен кеш жаруы өз алдына мынадай топқа бөлінеді.

Слайд 3
Описание слайда:
Себебі а) Зат алмасу процесінің — ішкі секреция бездерінің, гормондардың реттеу жұмысының нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық аурудың әсері т. б. жағдайлар. Себебі а) Зат алмасу процесінің — ішкі секреция бездерінің, гормондардың реттеу жұмысының нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық аурудың әсері т. б. жағдайлар. б) Зат алмасудың реттелуіне қатынасатын ішкі бездер қызметінің өзгерістері (гормондар қызметі бәсеңдесе не инфек-циялық) себебінен тіс дұрыс ұрықтанбай қалады не жақ сүйектердің кейбір бөліктері ерекше дамып, тістің жарып шығуын тежейді және қанмен жабдықталуын да өзгертеді. Филогенез — даму процесінде адам тісінің саны мен мөлшері біркелкі қалпында қалса, жақ сүйектердің көлемі кішірейеді. Сондықтан кейбір тістерге шығатын орын болмай, ол не альвеольдық өсіндінің ішінде не сүйектің денесінде шыға алмай қалады

Слайд 4
Описание слайда:
Негізінен тіс жарып шығу аурулары (сүт және тұрақты тістері) ешбір қабыну процесінсіз өтеді дегенмен, төменгі ақыл азу тістерінің, кейде жоғарғы ақыл азу тістерінің жарып шығуынан қабыну процесі дамиды. Бұл тістің медиальді төмпешіктері кілегей қабығынан толық босамаған кезінде дамиды. Осы кезде тіспен қызыл иек кілегей қабығының арасындағы қуыстың болуынан ауыз қуысындағы микроорганизмдер сол жерге жинақталып әртүрлі қабынуларын дамытады. Егерде тіс сауыты толық жарып шықса, қабыну процесі белгілері өздігінен жойылады. Кейбірде тістің орнынан ауытқып орналасуынан альвеолярлы өсіндіде ақыл азуға орын қалмайды немесе қызыл иек кілегей қабығы өте тығыз болып тістің өсуі тоқталады. Тістің жарып шыққан медиалды төмпешіктері алдыңғы екінші молярдан төмен болады, ал шайнау беті кілегей қабықпен жабық болғанымен оның астына микрофлоралары мен тағам қалдықтары жинақталады. Негізінен тіс жарып шығу аурулары (сүт және тұрақты тістері) ешбір қабыну процесінсіз өтеді дегенмен, төменгі ақыл азу тістерінің, кейде жоғарғы ақыл азу тістерінің жарып шығуынан қабыну процесі дамиды. Бұл тістің медиальді төмпешіктері кілегей қабығынан толық босамаған кезінде дамиды. Осы кезде тіспен қызыл иек кілегей қабығының арасындағы қуыстың болуынан ауыз қуысындағы микроорганизмдер сол жерге жинақталып әртүрлі қабынуларын дамытады. Егерде тіс сауыты толық жарып шықса, қабыну процесі белгілері өздігінен жойылады. Кейбірде тістің орнынан ауытқып орналасуынан альвеолярлы өсіндіде ақыл азуға орын қалмайды немесе қызыл иек кілегей қабығы өте тығыз болып тістің өсуі тоқталады. Тістің жарып шыққан медиалды төмпешіктері алдыңғы екінші молярдан төмен болады, ал шайнау беті кілегей қабықпен жабық болғанымен оның астына микрофлоралары мен тағам қалдықтары жинақталады.

Слайд 5
Описание слайда:
ПЕРИКОРОНАРИТ  ПЕРИКОРОНАРИТ  Перикоронарит – төменгі ақыл тісі кедергіленіп жарып шығуының асқынуы. бүкіл асқынулардың 75,7 ден 54,4% құрайды, біріншіден сауытмаңы тіндерінің қабынуымен сипатталады. Жұмсақ тіннен құралған жамылғының ісігі, гиперемиясы және инфильтрациясы ақырындап ауыз қуысының төменгі кілегей қабатына, тіл жақтан кілегей қабатқа, алдыңғы таңдай доғаларына, меншікті шайнау және медиальді қанаттәрізді бұлшықетке таралады. Жақтың қарысуы, жұтынудың қиындауы, лимфаденит, перилимфаденит дамиды: дене температурасы 37,5-37,8°С көтеріледі.. Перикоронариттің дамуында үшінші үлкен азу тіс үстінің тіндері семіп (атрофияланып) үлгермеген кілегей қабығының зақымдануы басты себептерінің бірі болып табылады. Перикоронариттің жедел түрі төменгі жақсүйектің үшінші үлкен азу тісі аймағында ыңғайсыздық пайда болуынан басталады. Соңғы үлкен азу тіс үстінің кілегей қабығы домбығып ісінеді, қызарады. Тістің шайнау бетінің алдыңғы төмпешіктері (ұрт немесе тіл) ашық жатуы мүмкін. Мұндайда тіс жартылай жарып шыққан деуге болады. Кейін науқастың ауыз ашылуы шектеліп, шайнау бұлшықеттері қaрысады, жақсүйекасты лимфа түйіндері ұлғаяды, пальпация ауырсыну сезімін тудырады. Жұтынғанда ауырусыну сезімі үдей түсіп, дене қызуы көтеріледі.. Ақыл тіс үстінің кілегей қабығы домбығып ісінеді, кілегей қабығы мен тіс сауыты аралығында жалқық жинақталып, қабыну процесі өрши түседі. Тіс сауыт үстін жабатын кілегей қабығының беріктігі ақыл тістің жарып шығу дәрежелігіне байланысты. Егер ақыл тісі альвеолалық өсіндіден уақытында шығып үлгермесе, үстінің кілегей қабығы көтеріліп, біртіндеп тесіле бастайды. Қабыну процестің кері дамуы кілегей қабығының тесілу өлшеміне байланысты. Қабыну процесі әлсін - әлсін өршитін болса, ауру ұзаққа созылады. Тістің үстіндегі кілегей қабықтың тесілген орны көзге көрінбеуі мүмкін.

Слайд 6
Описание слайда:

Слайд 7
Описание слайда:

Слайд 8
Описание слайда:
РЕТРОМОЛЯРЛЫ ПЕРИОСТИТ РЕТРОМОЛЯРЛЫ ПЕРИОСТИТ Жедел перикоронарит ретромолярлық периоститке жиі айналады. Ретромолярлы аймақтағы қабыну процесінің жедел дамуынан периостит те қабыну дамып сүйек қабығы астылық абсцесс құрылып, қанатша жақ аймағына, жұмсақ таңдайға , төменгі жақ бұтағының алдыңғы қырына дейін жайылады. Жұтқыншағының бір жақты ауруы перикоронариттің да дамығанын көрсетеді. Кейде оны «тістік баспа» (зубная ангина)- деп атайды. Бірнеше күннен кейін тіс сауыты үстіндегі жамылғы (капюшон) астынан іріңді экссудат бөлінеді. Кейбір де ретромолярлы абсцесс ақыл тіс айналасында жарылмайды, ірің жайылып сыртқы қиғаш сызық бойымен премолярлар тұсында өздігінен жарылып жыланкөз құрады. Мұндай көрініс диагноз қоюды қателестіреді, ал егерде 6 және 7 тістерінде пломб болса, жыланкөзді сол тістерге жатқызып, оларды жұлу мүмкін. Одан кейін жыланкөз жұлынған тіс ұяшығына ауысып, тіс ұяшығының жазылуына кедергі жасайды. Егер диагностика дұрыс болмаса қабыну процесі жалғаса береді. Дәрігер тіс ұяшығын қырнап, шайып, қайтадан тексерулер жүргізуі қажет. Кейбір жағдайда ретромолярлық абсцесс жақ –тіл науасында өздігінен жарылып жыланкөз құрайды. Оны сілекей безі аурулары мен шатастыруға болады. Кейде дәрігер сілекей безін емдеп, сілекей бөлінуін жеделдететін дәрігер тағайындауы мүмкін. Ретромолярлық периостит абсцессі өздігінен жарылғанша жедел өтеді, ал жарылғаннан кейін жеделдеу және созылмалы сатысына көшеді. Жедел сатысында медиальды қанат жақ бұлшық еттерінің қабынуынан ауыз ашылуы шектеледі, тағам қабылдауы қиындайды. Интоксинация әсерінен науқас әлсірейді, дене қызуы (38-38,50С) көтеріледі. Жедел іріңді ретромолярлық периоститі созылмалы сатыға ауысып, жақ сүйегінің остеомиелитін дамытуы мүмкін. 

Слайд 9
Описание слайда:

Слайд 10
Описание слайда:
РЕТРОМОЛЯРЛЫ НЕМЕСЕ ПЕРИКОНАРЛЫ ОСТЕОМИЕЛИТ  Остеомиелиттің дамуына перокоронарит ғана әсер етіп қоймайды, ретромолярлы аймақтың сүйек қабығының қабынуы да рөл атқарады. Мұндай жағдайда остеомиелит өте ауыр өтіп, сүйек секвестрлері құрылады.Кейде жедел процесінен интоксикация абсцестер мен флегмоналар дамиды. Науқас жағдайы ауырлайды, ауру сезімі үдейді,ауыз ашылуы шектеліп, тағам қабылдау және жұтынуы қиындайды, тәбеті төмендейді. Ауру сезімі құлаққа, самайға, басқа тарайды. Кейбірде невралгия дамиды. Клиникалық көрінісі. Көп жағдайларда жедел перокоронарит іріңді процесіне айналады. Ақыл тіс аймағы ауырып,самайға, құлаққа ауру сезімі тарайды. Егер қабыну процесі шайнау бұлшық еттеріне жайылса, ауыз ашылу шектеледі, жұмсақ тіндердің коллатеральді ісінуі дамиды, дене қызуы 37-380С көтеріледі. Тіс сауытын жапқан кілегей қабығы қызарады, ісінеді. Қабыну процесі альвеолярлы өсіндінің сүйек қабығы сыртқы және ішкі жағынан ісініп, жақ аралық қатпарға таңдайдың алдыңғы доғасына дейін жайылады. Тіс үсті жамылғысын басқанда астынан іріңді немесе қанды іріңді сұйықтық бөлінеді. Кейбірде іріңді сұйықтық молярдың ұрт жағынан немесе тіл жағынан бөлінеді. Осы көрсетілген көрініс моляр артылық немесе ретромолярлық периостит деп аталады. Қабыну процесінің өту ерекшеліктеріне байланысты ақыл тіс айналасындағы іріңді процесс өтпелі қатпары бойымен ұртқа , жақ бұрышы бойымен бұтағына, таңдайға, тілге жайылуынан периостит,абсцесс немесе флегмоналары дамиды. Кейбір жағдайларда іріңді процесс сүйектің терең аймағына өтіп төменгі жақ сүйегі ауыз ашылу шектелеуі, жұмсақ тіндердің коллатеральд ісінуі дамиды, дене қызуы 37-380С көтеріледі. Тіс сауытын жатқан кілегей қабығы қызарады, ісінеді қабыну процесі альвеолярлы өсіндінің сүйек қабығы сыртқы және ішкі жағынан ісініп, жақ аралық қатпарға таңдайдың алдыңғы доғасына дейін жойылады. Тіс үсті жамылғысын басқанда астынан іріңді немесе қанды іріңді сұйықтық бөлінеді. Кейбірде іріңді сүйықтық молярдың ұрт жағынан немесе тіл жағынан бөлінеді. Осы көрсетілген көрініс молярартылық немесе ретролеолярлық периостит деп аталады. Қабыну процесінің өту ерекшеліктеріне байланысты ақыл тіс айналасындағы іріңді процесс өтпелі қатпары бойымен ұртқа, жақ бұрышы бойымен бұтағына, таңдайға, тілге жайылуынан, периостит, абсцесс немесе флегмоналары дамиды. Перикоронариттің асқынуынан лимфо түйіндері ісініп ұлғайып, іріңдеуі мүмкін.

Слайд 11
Описание слайда:
Емдеу әдістері. Емдеу әдістері. Қабыну процесінің даму ерекшеліктеріне байланысты консервативті немесе хиругиялық емі жүргізіледі.  Консервативті еміндегі іс - әрекеттер: • ақыл тістің үстін жабатын кілегей - сүйекқабы астына антибиотикті немесе антисептикті ертінділер енгізіледі; • ақыл тісарты (ретромолярлық) аймағына пенициллин - новокаинді блокадасы жасалады; • УК сәулесімен ем жүргізіледі. Осындай ем 2-3 тәулік жүргізгеннен кейін қабыну процесі кері дамып, ауырусыну сезімі басылады, науқастың жалпы жағдайы жақсарып, еңбекке жарамды болады.  Хирургиялық емі. Тісті жұлу көрсетімі болмаса, оның үстін жабатын кілегей-сүйекқабы П-тәрізді тілінеді, кейде диатермокоагуляция жасалады немесе қандауырмен тіс сауыты үстін жабатын кілегей - сүйекқабы толық кесіп алынады. В.В. Федоров және А.И. Кузьмин (1977) ақыл тістің үстін жабатын кілегей -сүйекқабын кесіп алу үшін бір жағы өткір цилиндр пішінді аспап ұсынады. «Трепан» деп аталатын осындай аспапты бұрышты стоматологиялық ұштыққа отырғызып, кілегей - сүйекқабын кесіп алуға болады. Төменгі жақсүйектің рентген суретінде ақыл тіс ауытқымалы орналасып, қисық жатса және оның жарып шығуы күман тудырса, тіс міндетті түрде жұлынуы тиіс.

Слайд 12
Описание слайда:
Aсқынуларды емдеу практикалық дәрігерлер үшін күрделі мәселе болып отыр. жарып шығып келе жатқан тісті жұлудың орнына, оның жапқышын кесіп ашады немесе алып тастайды. Кейбір жағдайда үшінші тістің жарып шығуы үшін, екінші үлкен азу тісті немесе жоғарғы үшінші азу тісті жұлу ұсынылады. Сонымен қатар кейбір авторлар, тісті тек жедел қабыну белгілері басылғаннан кейін ғана жұлу керек деп есептейді. альвеолдық өсіндіде жарып келе жатқан тіске орын жеткілікті ме, тістің өсі альвеолдық өсіндінің өсіне қалай орналасқан және тіске жақ-қанатша бүрмесі мен ұрт тіндерінің кедергісі бар ма деген сұрақтарды шешу қажет. Бұл сұрақтарды шешу үшін объективті көріністер мен анамнезге қоса рентген суретін жасау қажет. жақ сүйегінде тік орналасып жарып келе жатқан тістің дистальды беті мен жақ сүйегі „бұтағының" алдыңғы қырына дейінгі ара қашықтық 0,5 см кем болмаса, онда тіске орын жеткілікті деп есептеледі. Егер тіс үстіндегі шырышты қабық қалыңдаса, онда тіс артындағы және жапқышты кесу ешқандай нәтиже бермейді. Мұндай жағдайда тісті жұлу қажет. Операция инфильтра-циялық жансыздандыру әдісімен жасалады. Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше тәсілімен жансыздандыру арқылы босаңсытады.

Слайд 13
Описание слайда:

Слайд 14
Описание слайда:
Жетінші азу тісті, тек оның тубірінде, сегізінші тістің көлбеу орналасуынан тіс жегі пайда болса, оны емдеу мүмкіншілігі болмаса ғана жұлу қажет. Егер сегізінші азу тіс альвеоларлық өсіндіде өте терең, көлбеу орналасса, оны атипиялық тәсілмен жұлғаннан соң, жетінші тістің дистальды түбірі жалаңаштанып әр түрлі тітіргендіргіштерге сезімтал келеді. Осыдан өте терең сүйек қалтасы пайда болады. Осындай жағдайда сирек бірінші 7-ші азу тісті жұлып, сонсоң көлбеу орналасқан 8-ші тісті жұлған жөн. Шала жарған төменгі ақыл тісті жұлу операциясының техникасы. Операция өткізгіштік жансыздандыру әдісімен жасалады. Қажет жағдайда Берше және мандибулярлы жансыздандыру жасалады. Жетінші азу тісті, тек оның тубірінде, сегізінші тістің көлбеу орналасуынан тіс жегі пайда болса, оны емдеу мүмкіншілігі болмаса ғана жұлу қажет. Егер сегізінші азу тіс альвеоларлық өсіндіде өте терең, көлбеу орналасса, оны атипиялық тәсілмен жұлғаннан соң, жетінші тістің дистальды түбірі жалаңаштанып әр түрлі тітіргендіргіштерге сезімтал келеді. Осыдан өте терең сүйек қалтасы пайда болады. Осындай жағдайда сирек бірінші 7-ші азу тісті жұлып, сонсоң көлбеу орналасқан 8-ші тісті жұлған жөн. Шала жарған төменгі ақыл тісті жұлу операциясының техникасы. Операция өткізгіштік жансыздандыру әдісімен жасалады. Қажет жағдайда Берше және мандибулярлы жансыздандыру жасалады. Операцияны, альвеолдық өсіндінің қыры арқылы дистальды бағытта 1,5—2 см үзындықпен жапқышты сүйекке жеткізе тіліп, тістің сауыты мен мойнын қоршап жатқан тіндерден ажыратудан бастайды. Егер тісті қысқашпен үстау мүмкіншілігі болмаса, оны тік элеватормен ырғап босатады. Оны жетінші және сегізінші тістің ортасына сырт жағынан ішке қарай бағыттап кіргізеді.

Слайд 15
Описание слайда:
Элеватордың бағытын, тістің қаттылығьш, төменгі жақ сүйегінің буьшынан қозғалғыштығын, тыныс алу жолдарының жақындығын еске ала отырып, дәрігер жетінші тіспен жақ сүйегін мықтап ұстап тұруы қажет. Сол жақтағы сегізіңші тісті жұларда, сол қолдың 1, 4, 5 саусақтары төменгі жақ сүйегін қапсыра ұстап (4, 5 саусақтар ауыз қуысы ішінен), сұқ саусақ ұрт тіндерін кері ысырады, ортаңғы саусақ жетінші және сегізінші тістерді, альвеолдық өсіндінің тіл жақ қабырғасын ұстап тұрады. Элеватордың бағытын, тістің қаттылығьш, төменгі жақ сүйегінің буьшынан қозғалғыштығын, тыныс алу жолдарының жақындығын еске ала отырып, дәрігер жетінші тіспен жақ сүйегін мықтап ұстап тұруы қажет. Сол жақтағы сегізіңші тісті жұларда, сол қолдың 1, 4, 5 саусақтары төменгі жақ сүйегін қапсыра ұстап (4, 5 саусақтар ауыз қуысы ішінен), сұқ саусақ ұрт тіндерін кері ысырады, ортаңғы саусақ жетінші және сегізінші тістерді, альвеолдық өсіндінің тіл жақ қабырғасын ұстап тұрады. Оң жақтағы тісті жұларда дәрігер науқастың оң және арт жағында орналасып, сол қолымен басын қапсыра ұстайды да, 3, 4, 5 саусақтарымен төменгі жақ сүйегін астынан және сырт жағынан бекітеді; сұқ саусақ ұрт тіндерін кері ысырады. Ал бас бармақ 7, 8 тістерді және альвеолдық өсіндінің тіл жақ қабырғасын ұстап түрады. Элеваторды сегізінші тістің мойнынан төмен енгізіп, тісті артқа және жоғары қарай ырғап босатады да қысқашпен ұстап тісті жұлады. Егер тіс жартылай жарып шықса, оның сауытының үстінен сүйек төніп тұрса (әсіресе тіс жақ сүйегінде көлбеу орналасқанда) онда тісті қоршаған жұмсақ тіндермен қатар, төніп түрған сүйектен де босату қажет. Ол сүйекті бордың немесе балға мен қашаудың көмегімен алып тастайды. Сондықтан тістің ретіндегі бүркенішті тіліп кесумен қатар, оны өтпелі қатпарға қарай жетінші тістің тұсынан төмен жалғастыру қажет. Сонда үшбұрышты қиынды пайда болады. Сүйекті жалаңаштап, тіске кедергі болып тұрған тұсын қашаумен не бормен жайлап ойып алып тастайды. Тісті жұлған соң „қиындыны" орнына қойып, кетгутпен тігеді. Операциядан кейін ұзақ уақытқа созылған жақ бұлшықетерінің қарысуы, альвеолит, тіс ұяшығы нервісінің невриті, тіс үяшығы остеомиелиті сияқты асқынулар кездесу мүмкін. Олардың алдын алу үшін, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, сұйық және жоғарғы калориялы тағам тағайындалуы қажет.

Слайд 16
Описание слайда:
Тісті атипиялық жулу


Скачать презентацию на тему Тақырыбы: Тіс шығу кезіндегі ауруларда дәрігердің тактикасы.Тістің шығуы киын можно ниже:

Похожие презентации