Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері презентация

Содержание


Презентации» Геометрия» Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері 
 Дайындады: Каракузиева Камилла ТимурқызыЕлімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған"Алтын Емел" ұлттық паркі  
 "Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығадыАлтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келгенАқтолағайБағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. ТопырақтыБатыс Алтай қорығы.
 Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және ОрталықОсы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап"Қарқаралы тауларыАлайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердіңТабан-Қарағай
 Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысыныңТорыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы
 Бір аңыздар бойынша, Маңғыстау жерінеҚаратау таулары
 Бұл өте көне таулар. Геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен.Бірнеше жыл бұрын, осы мекенді биіктен түсіріп жүрген фотограф Перудағы НаскаЖығылған мүйісі
 Жығылған – әктас қабатының астындағы саз балшықты-құмды қабаттың сулануыЖығылғанның адамзатқа берген сыйы - бетінде ірілі-уақты мысықтар мен қазіргі есектіңЯзевое көлі
 Язевое көлін Алтайдың Қазақстан жақтағы бөлігінің меккесі деп атауғаКүн ашықта Алтайдың ең биік шыңы - аты аңызға айналған БелухаБозжыра шатқалы
 Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғатБозжыраның басты ерекшелігі - пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас



Слайды и текст этой презентации
Слайд 1
Описание слайда:
Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері Дайындады: Каракузиева Камилла Тимурқызы


Слайд 2
Описание слайда:
Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.

Слайд 3
Описание слайда:
"Алтын Емел" ұлттық паркі  "Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. 

Слайд 4
Описание слайда:
Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.  

Слайд 5
Описание слайда:
Ақтолағай

Слайд 6
Описание слайда:
Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.  

Слайд 7
Описание слайда:
Батыс Алтай қорығы. Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан.

Слайд 8
Описание слайда:
Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап" деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында орналасқан. 

Слайд 9
Описание слайда:
Қарқаралы таулары

Слайд 10
Описание слайда:
Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады. 

Слайд 11
Описание слайда:
Табан-Қарағай Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысының тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді.

Слайд 12
Описание слайда:
Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы Бір аңыздар бойынша, Маңғыстау жеріне жау басып кіреді. Жергілікті тұрғындар аспанға қол жайып, көмек сұрайды. Сол кезде аспаннан нөсер құйылып, күн күркіреп, найзағай жарқылдай бастайды. Бір сәтте жау әскерінің бәрі тасқа айналып кете барады. Осылайша айрықша тас мүсіндер - шар тәрізді конкрециялар шашылған алқап пайда болған екен.

Слайд 13
Описание слайда:
Қаратау таулары Бұл өте көне таулар. Геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен. Шатқалдардың қойнауында шағын өзендер мен бұлақтар көп. Сондай-ақ, Қаратау тауларын көптеген ащы, тұщы көлдер қоршап жатыр

Слайд 14
Описание слайда:
Бірнеше жыл бұрын, осы мекенді биіктен түсіріп жүрген фотограф Перудағы Наска алқабындағы суреттерге ұқсайтын кескінді байқайды. Ол - қызық пішінді екі құрылыс сұлбасының ортасында малдас құрып отырған адамның кескіні болатын.

Слайд 15
Описание слайда:
Жығылған мүйісі Жығылған – әктас қабатының астындағы саз балшықты-құмды қабаттың сулануы нәтижесінде пайда болған үлкен геологиялық сырғыма. Танымалдығына қарамастан, Жығылған әлі де зерттеліп болмаған, құпия мекен болып қалып келеді. Мұнда аруақтар жүреді деген де сөз бар

Слайд 16
Описание слайда:
Жығылғанның адамзатқа берген сыйы - бетінде ірілі-уақты мысықтар мен қазіргі есектің көлеміндей шағын жылқылардың қайраңға батып қалған екі "бармақты" тұяғының тасқа айналған іздері батырылып салынған тақталар сынықтарын көру мүмкіндігі.

Слайд 17
Описание слайда:
Язевое көлі Язевое көлін Алтайдың Қазақстан жақтағы бөлігінің меккесі деп атауға болады. Ол теңіз деңгейінен 1685 м биікте, Қатын мұздығының бір тармағы өтетін қатпарда орналасқан. Ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 м. Судың түсі сарғыш-жасыл, мөлдірлігі 4,2 м.

Слайд 18
Описание слайда:
Күн ашықта Алтайдың ең биік шыңы - аты аңызға айналған Белуха тауы айналасындағы жоталардың бәрімен бірге көлдің суына шағылып көрінеді.

Слайд 19
Описание слайда:
Бозжыра шатқалы Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған.

Слайд 20
Описание слайда:
Бозжыраның басты ерекшелігі - пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі - 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.


Скачать презентацию на тему Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері можно ниже:

Похожие презентации